ТЖ департаменті су қоймаларыны жағдайын зерделеуін жүгізді

ТЖ департаменті су қоймаларыны жағдайын зерделеуін жүгіздіШымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы су тасқыны жағдайын үнемі бақылауда ұстайды. Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыстар бар: 4 су қоймасы, 1 бөгет, 3 су торабы, 2 магистральды канал, ол жерлерде мониторинг жүргізіліп, қауіпті учаскелерін комиссиялық зерделеуі ұйымдастырылады.
Бастықтың орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М. Жақсыбаев полиция департаментінің өкілімен бірге қала аумағындағы гидротехникалық құрылыстарды инспекциялауды жүргізді. Бүгінгі күні қала аумағындағы 4 су қоймасының жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті билік тарапынан бақылау күшейтілді, олар үнемі қаржылық қолдау көрсетеді.
ТЖ департаменті су қоймаларыны жағдайын зерделеуін жүгіздіСу тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға ден қою үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен қаланың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары әзірлікке келтірілді. Су басқан жағдайда пайдалану үшін 20000 қап қоры бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қала әкімдігі 30000 қап сатып алуға конкурс өткізді.
Департамент су басу мен су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін басқа өңірлерге жеке құрамнан 59 адам, 7 бірлік арнайы техника, 13 мотопомпа және 4 қайық, 13 тәулікке құрғақ азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Техника мен жабдықтардың жарамдылығын тексеріліп, сондай-ақ өрт сөндіру жендерін сынағы жүргізілді.

Жалпы қала аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. Су басу жағдайы тіркелген жоқ, таудан бастау алған өзендердегі су деңгейі күрделі көрсеткіштен аспайды.

Шымкент қаласы ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту
және азаматтық қорғау саласында бақылау басқармасы

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code