Құтқарушылар Үлкен Алматы шыңынан зардап шеккен екі адамды алып түсті

Құтқарушылар Үлкен Алматы шыңынан зардап шеккен екі адамды алып түсті

2020 жылдың 1 қараша күні кешке Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Космостанция ауданында (Алматы қаласы, Бостандық ауданы, теңіз деңгейінен 3300-3400 метр биіктікте) туристерге құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Шыңға шыққан қыз бала аяғын қайырып алып, өздігінен жүре алмай қалған.

Оқиға орнына 7 адамнан тұратын РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы шықты.

Төрт турист Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққаны белгілі болды. Туристер тобы екіге бөлінген. Екі адам тас жолмен түсе бастаған. Ал қалғандары таудың қарама-қарсы жағынан үлкен және өткір тастардан тұратын шөгінді баураймен түспен болған. Зардап шеккендер қараңғыда қалып қойған. Қыздардың бірі аяғын мертіктіріп алып, өздігінен жүре алмай қалған.

Құтқарушылар Үлкен Алматы шыңынан зардап шеккен екі адамды алып түстіРЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін  екі топқа бөлінген. Бірінші болып жолда құтқарушыларды күтіп отырған туристер табылды. Зардап шеккендерге бірден алғашқы көмек көрсетілді. Олар өте жеңіл киінгендіктен қатты тоңып қалған. Уақытты жоғалтпау үшін РЖҚТ құтқарушыларының бірінші топтағы зардап шегушіні төмен қарай тасымалдауға кірісті, ал екіншісі беткейдің қарама-қарсыбөлігіне кетіп адасқан туристерді алып түсті.  Құтқарушылар Үлкен Алматы шыңынан зардап шеккен екі адамды алып түсті

РЖҚЖ қызметкерлері зардап шеккендерді тапқанда, екеуінен де гипотермия (ағзаның тоңуы) белгілері байқалған. Бойжеткенді тексергеннен кейін медициналық құтқарушылар бас бармақтың сынғандығы жөнінде алдын-ала диагноз қойған.

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккендердің екеуінде құтқарып, АМО қызметкерлеріне тапсырды.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ “ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code