Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда

Су тасқыны жағдайы ерекше бақылаудаОблыс аумағында қыстың салыстырмалы жылы болуына байланысты су тасқыны құбылыстары тіркелген жоқ.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті күн сайын жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізу барысына мониторинг жүргізеді.
Облыс бойынша су тасқыны жағдайын қадағалау мақсатында “Қазгидромет” РМК, “Қазсушар” РМК, “Балқаш-Алакөл су ресурстарын және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциясы” РММ, “Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК”АҚ және “Қазселденқорғау” ММ қызметтерімен су қоймаларының, өзен бассейндерінің, қар жамылғысының жай-күйі және су тасқындарының өтуі туралы күнделікті ақпарат алмасу қамтамасыз етілді.
Су тасқыны жағдайы ерекше бақылаудаОблыс аумағында 407 гидротехникалық құрылыстар бар, оның ішінде: республикалық коммуналдық меншігінде – 122, облыстық коммуналдық меншігінде – 169, жеке меншіктерде – 116.
Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін 187 тонна ЖЖМ, 10 мың тонна инертті материалдар, 95,5 мың қаптар көлемінде қорлар дайындалды.
Басқару органдары мен халықты хабардар ету үшін 283 ақырғы хабарлау құрылғысы бар, оның ішінде: 41 СБҚ (сирена-сөйлеу қондырғылары), С-40 (электромеханикалық сиреналар) – 242 (орталық. іске қосу – 95 (автоматтандырылған); жергілікті іске қосу-147 (қолмен).
Үгіт-насихат іс-шаралары шеңберінде облыстың елді мекендерінде 208 рейд, 300 жиын өткізілді, онда су тасқыны кезіндегі іс-қимыл қағидалары бар 20 мыңнан астам жадынама табысталды.

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, өзендердегі су деңгейі нормадан төмен, су қоймалардың толтырылуы штаттық режимде, жазық жерлерде қар жоқ.

Алматы облысы ТЖД

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code