Правило поведения при наводнении

Су тасқыны кезіндегі іс- қимыл ережелері

Су басудан қорғаудың ең тиімді тәсілі эвакуациялау болыпта былады.
Эвакуация алдында өз үйін сақтау үшін суды, газды, электр жарығын ажыратып, жанып жатқан жылыту пештерін сөндіріп, ғимараттардың жоғарғы қабаттарына (шатырларына) бағалы заттарды апарып, қауіпсіз жерлерге ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын алып тастау, үйлердің бірінші қабаттарының терезелері мен есіктерін тақтайлармен және фанерамен жабу керек.
Эвакуацияның басталуы туралы ескерту алған кезде төл құжаттар мен басқа да қажетті құжаттарды, ақша мен құндылықтарды, медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын, сыртқы киім мен маусым бойынша аяқ киім жиынтығын, жылы киім, қажетті керек-жарақтарды, бірнеше күнге азық-түлік қорын тез жинап, өзімен бірге алу қажет. Заттар мен өнімдерді чемоданға, рюкзактарға, сөмкеге салу керек.
Барлық эвакуацияланатындар көрсетілген бағытпен (әдетте, қысқа) тіркеу және қауіпсіз аудандарға жөнелту үшін жарияланған жинау пунктіне белгіленген уақытқа келуі тиіс.
Эвакуацияның соңғы пунктіне келгеннен кейін тіркеу жүргізіледі және халықты уақытша тұру орындарына орналастыру ұйымдастырылады. Кенеттен су тасқыны кезінде мүмкіндігінше тез арада жақын жердегі қауіпсіз биіктікті орын алып, әртүрлі жүзу құралдарының көмегімен суда ұйымдастырылған эвакуациялауға немесе қаңғыма бойынша жаяу жүруге дайын болу қажет.
Маңыздысы үрейленбеу керек, өзін-өзі қолға алу керек, суда қалып қойған немесе мұқтаждарға құтқарушылардың назарын түсіру үшін қажетті шараларды қолдану қажет. Тәуліктің жарық уақытында оған ақ немесе түсті матаны жоғары жерге ілу арқылы, ал түнгі уақытта – жарық сигналдарын беру арқылы қол жеткізіледі. Көмек келгенге дейін су басу аймағында қалған адамдар ғимараттардың жоғарғы қабаттары мен шатырларында, ағаштарда, басқа да биік жерлерде қалуы керек.
Қауіпсіз жерлерде су төмендегенше болу керек.
Өздігінен эвакуациялану үшін қайықтар, катерлер, салдар бөренелер мен басқа да қолда бар материалдарды пайдалануға болады. Су тасқыны кезінде автомобильде, мотоциклде қозғалысты жалғастыруға болмайды, су ағынымен олар аударылып қалуы мүмкін, көлік құралын тастап кеткен жөн.
Су төмендеген соң үзілген және салбыраған электр сымдарынан сақтанукерек, суға түскен азық-түліктерді пайдалануға және тиісті санитарлық тексерусіз суды пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Су тасқынынан кейін тұрғын үйге кірер алдында сақтық шараларын сақтау қажет: алдын ала желдету үшін есіктер мен терезелерді ашу қажет, ал бұған дейін ашық отты пайдалануға болмайды (газдардың жарылу-өрт қауіпті шоғырлануы мүмкін), электр желілерінің жарамдылығын тексергенге дейін жарық беретін және басқа да электр құралдарын қосуға тыйым салынады.

С. Шериязданов
Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code