В преддверии купального сезона спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда предупреждают!

Шомылу маусымы қарсаңында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ескертеді!

Жаз айлары алыс емес, жақында шомылу маусымы ашылып, ыстықтан шаршаған қала тұрғындары су қоймаларына асығады. Ұзақ жұмыс аптасынан кейін, салқын суға түсіп, достарыңызбен бірге жағада отырып, салқын сусын ішкеннен артық ештеңе жоқ секілді. Алайда құтқарушылардың суға батқандар туралы тұрақты мәліметтері болмаса, бәрі жақсы болар еді.

Мұның көптеген себептері бар: суда демалу кезінде алкогольді ішу, шамадан тыс өзіне деген сенімділік, орынсыз ойындар мен әзілдер, тыйым салынған жерлерде шомылу, денсаулыққа қатысты проблемалар, суға шомылу кезінде температураның күрт төмендеуі. Жеке тармақ – ол балалар өлімі. Баласынан айырылу әр ата-ана үшін орны толмас қайғы. Бірақ кейде бұл баланың өліміне тікелей немесе жанама түрде кінәлі ересектер. Жергілікті су айдынына достарымен шомылуға жіберу, көзден таса болып – бала өмірінің қиылуы. Республикалық жедел-құтқару жасағы апаттың алдын алу үшін судағы жүріс-тұрыстың бірқатар қарапайым ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді:

· бейтаныс жерлерде суға сүңгімеу;
· қоршаудын сыртына жүзіп кетпеу;
· кеме жолына жүзбеңіз және кемелерге жақындамаңыз;
· ұстап алуға байланысты суда ойын ойнауға болмайды;
· ауа төсеніштерінде немесе камераларда жүзбеңіз;
· мас күйінде шомылуға болмайды…

Құрметті азаматтар, ересектер мен балалар! Судағы белгіленген тәртіп ережелерін бұзбаңыз, су қоймаларының жанында болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Ата-аналар, балаларыңыздың бос уақытын қайда және қалай өткізетінін бақылауда ұстаңыз, оларды жалғыз күнге қыздырынуға және суға шомылуға жібермеңіз!

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code