РЖҚЖ құтқарушылары Ким-Асар шатқалында ер адамды құтқарды

РЖҚЖ құтқарушылары Ким-Асар шатқалында ер адамды құтқарды

2020 жылдың  11 тамызында  Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ким-Асар шатқалы ауданында 1984 жылы туған ер адам адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы жол жүру барысында зардап шегушілермен ұялы байланыс арқылы байланыса алды. РЖҚЖ қызметкерлері ер адамның орналасқан жерін сипаттауды сұрады. Сипаттамаға сүйене отырып, РЖҚЖ құтқарушылары туристерге қай бағытта жүру керектігін түсіндірді. Жедел топтың есебі бойынша саяхатшы “әткеншектерге” апаратын жолмен жүріп өтті, РЖҚЖ құтқарушылары  туристерге қарай бет алды.

РЖҚЖ қызметкерлері зардап шегушіні кездестіргенде, оның Фурманов шыңынан түсіп, жолдан адасып кеткені белгілі болды. Ер адамның киімі қатты ылғалданып және қатты мұздап қалған, туристке жылы киімдер мен сусындар берілді. РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушілермен жедел машинаға түсіп, оны Медеу ауданындағы жеке автокөлікке жеткізді.

РЖҚЖ құтқарушылары карантин кезінде үйден немесе пәтерден қажетсіз шықпауды ескертеді! Егер сіз әлі де жорыққа барсаңыз, қауіпсіздік ережелерін естен шығармаңыз! Тауға жалғыз бармаңыз, күш пен уақытты дұрыс есептеңіз.

 

“ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ” ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code