Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда спасли пострадавшую в ДТП женщину

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол апатынан зардап шеккен әйелді құтқарды

2021 жылғы 22 сәуір күні Республикалық жедел – құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы – Нұр-сұлтан (Қарасай ауданы) тас жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан көліктің бірінде қысылған адамдар бар деген хабар келіп түсті.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол апатынан зардап шеккен әйелді құтқарды
Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысынан құрылған жедел топ оқиға орнына барды.
Соқтығысқан көліктердің бірінің артқы орындығында отырған әйел адам есін біледі, алайда жарақаттанған екен. Оның сол қолы алдыңғы және артқы орындықтың арасына қысылып қалған.
Құтқарушылар аса сақтықпен зардап шеккен адамның қолын босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының
баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code