Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қызды кесілген автокөліктен шығарып алды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қызды кесілген автокөліктен шығарып алды

9 сәуірде Республикалық-жедел-құтқару жасағының жедел кезекшісінің пультіне куәгерден ақпарат келіп түсті.
Ер адамның айтуы бойынша, Алматы облысы Қарасай ауданы, Райымбек ауылына бұрылатын жолда, екі автокөлік соқтығысқан, салдарынан автокөліктің бірінде қыз бала қысылып қалған.
Оқиға орнына РЖҚЖ жедел тобы шықты. Соғылған көліктердің жанында Жедел медицина қызметкерлер бригадасы болғанмен, алайда РЖҚЖ құтқарушыларының көмегісіз, олар толық көлемде медициналық көмек көрсету үшін зардап шегушіге жете алмаған.
Гидравликалық құралдың көмегімен қыз көлік құрсауынан шығарылды. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды, зардап шегуші Қарасай ауданының Жедел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ «ММ баспасөз қызметі»

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code