Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли девушке, которой стало плохо в горах

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда ауырып қалған қызға көмектесті

Бүгін 2021 жылдың 11 сәуір күні түстен кейін Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, Алматы-Арасан шипажайы ауданында турист-қыздың өзін нашар сезінгені туралы хабарлама келіп түсті. Қатты бас ауруы мен құсу туралы шағымдар болды. Хабар оның танысынан келіп түсті, оқиға орнынан геолокациялық деректер де жіберілді. Өтініш берушінің айтуынша, қыз орындықта отыруға қалды, ал қалған туристер маршрутын жалғастырды.

Осы хабарламаны алғаннан кейін РЖҚЖ жедел тобы дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Алынған геолокациялық деректер өтініш беруші сипаттаған жерге сәйкес келмей шықты. Топ жетекшісі алынған координаттарды ұстануға шешім қабылдады.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда ауырып қалған қызға көмектесті

Қызды теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте Проходное шатқалынан тапты. Турист арқасын ағашқа сүйеніп отырды. Құтқарушы дәрігер жәбірленушінің қан қысымын өлшеді, ол айтарлықтай жоғарылағаны белгілі болды, қан қысымының көтерілуі барлық басқа да белгілерді тудырған сияқты. Алдын ала диагноз қойылды – тау ауруы. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін РЖҚЖ құтқарушылары қолтықтап қызды төмен қарай ертіп жүрді, онда оны медицина және апаттар орталығының қызметкерлері күтіп алды.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code