Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда продолжают поисково-спасательные работы в горах Туркестанской области

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда

Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
10 маусым Өгем арнасының бойындағы Жетіүңгір шатқалы мен Өгем және Айғыржыққан өзендерінің қосылған жері зерттелді, алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.
11 маусым РЖҚЖ құтқарушылары тікұшақпен туристердің заттары табылған жерге жеткізілді. РЖҚЖ қызметкерлері екі топқа бөлініп, Айғыржыққан шатқалында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Іздеу-құтқару жұмыстары өзеннің күшті ағысымен таулы рельефпен күрделене түсуде.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда
Сонымен қатар, жоғалған студенттерді іздеу аймағын кеңейту мақсатында, 11 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағынан қосымша күш ретінде, жеке құрамнан 8 адам жіберілді, оның 2 кинологиялық есеп.
Еске саласақ, өткенде Төлеби ауданының 112 пультіне, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылғы 25 мамырда, 18 сағат 30 минутта келіп түскен болатын. 21 мамырда туристер жаяу “Сары-Айғыр”шатқалына бет алған, ал 24 мамыр қайту керек болатын. Бұған дейін жоғалған үш турист табылып, құтқарылды, ал қалған екі туристің денелері табылған еді.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ»ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code