Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шомылу маусымы қарсаңында оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізуде

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шомылу маусымы қарсаңында оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізуде

Шомылу маусымы қарсаңында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқушылармен интерактивті сабақтар ұйымдастырды.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясы өз түзетулерін енгізгендіктен, РЖҚЖ құтқарушылары сабақтарға тікелей қатыса алмады. Қиындықтарға қарамастан, 22 сәуір күні № 6 Гимназия мен № 83 орта мектеп оқушылары үшін судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы арнайы бағдарламалар арқылы бейнесабақ өткізілді. Сабақта су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері, суға батқан кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету техникасы егжей-тегжейлі түсіндірілді, құтқару кеудешесін қалай дұрыс кию керектігі, суға батып бара жатқан адамға құтқару шеңберін қалай дұрыс тастау керектігі және құтқару үшін қолда бар құралдарды қалай пайдалану керектігі түсіндірілді.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code