Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда будут принимать участие в обеспечении безопасности на альпиниаде «Нурсултан-2021»

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары “Нұрсұлтан-2021″альпиниадасында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Келесі жексенбі 4 шілдеде “Нұрсұлтан” шыңына жаппай шығу өтеді. «Нұрсұлтан-2021» альпиниадасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Альпиниаданың негізгі мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында белсенді демалыс ұйымдастыру.
1 шілде күні РЖҚЖ құтқарушыларының 9 адамнан тұратын жеке құрамы альпиниада өтетін жердегі шығу бағытын дайындайды. Барлық мұз жарықтарын қоршау керек, сонымен қатар туристер үшін қауіпсіз бағытты маркер таспасы бар ілгіштермен белгілеп шығу керек.
4 шілдеде РЖҚЖ құтқарушылары бағыттың әртүрлі кезеңдерінде бола отырып, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қатысушыларды тіркейді, бағытты ұсынады және қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсететін болады.
“ҚР ТЖМ РЖҚЖ”ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code