Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли двум туристам спуститься со скалы в урочище Мынжылкы

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Мыңжылқы шатқалындағы жартастан екі туристке түсуге көмектесті

02 мамыр Республикалық жедел-құтқару жасағына, Мыңжылқы шатқалындағы Бастионға (жартас) қарама-қарсы жартасқа көтеріліп, өздігінен түсе алмай жатқан туристер туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына РЖҚЖ жедел тобы шықты. Жедел көлікпен шатқалға жеткен құтқарушылар, зардап шеккендерді бірден көрді. Олар 50 градус көлбеудегі жартаста, шамамен 3500 метр биіктікте болды. Сондай-ақ, оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері де келді.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Мыңжылқы шатқалындағы жартастан екі туристке түсуге көмектесті
Оларға жету өте қиын болды. Жартастардан жылғалар ағып, үлкен тастар домалап, кей жерлерде қар мен мұз жатты.
РЖҚЖ құтқарушылары АҚҚ құтқарушыларымен бірге зардап шеккендерге көтерілді. Туристтер Шығыс Қазақстан облысынан келген қызбен жігіт болып шықты. Екеуі де қатты шаршаған, қызда тау ауруының белгілері байқалды. Жастардың киімдері бұл бағытқа мүлдем сәйкес келмейді.
Екі жедел қызметтің құтқарушылары альпинистік жабдықтардың көмегімен, барлық кедергілерді жеңіп, жастарды арқанмен түсірді. Содан кейін РЖҚЖ құтқарушылары өткел ұйымдастырып, зардап шеккендерді тау өзені арқылы өткелмен көшірді.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Мыңжылқы шатқалындағы жартастан екі туристке түсуге көмектесті
РЖҚЖ құтқарушылары жедел көлікпен туристерді қаладағы қауіпсіз жерге жеткізді.
Республикалық жедел-құтқару жасағы ескертеді! Егер сіз тау жорығына жиналған болсаңыз, бейтаныс бағыт бойынша жүрмеңіз, өз күшіңізді есептеңіз. Ыңғайлы киім және арнайы аяқ киіміңіз болуы керек. Есіңізде болсын, таулы жер өте қауіпті!
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code