Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кәсіби мерекелерін атап өтуде

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кәсіби мерекелерін атап өтуде

Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында ҚР ТЖМ РЖҚЖ қызметкерлері Алмалыбақ ауылындағы гимназия мектебінде, оқушылар арасында “жер сілкінісі ТЖ қаупі немесе туындау  кезіндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу практикалық дағдыларын игеру шартты-жаттығулары» тақырыбында іс-шара өткізді. РЖҚЖ құтқарушылары балаларға ТЖ кезінде кинологиялық қызметтің қалай жұмыс істейтінін көрсетті, жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық және іс-қимыл ережелері туралы презентация ұсынды.

 

Тағы бір іс-шара “Аэропорт” құтқару станциясында, “Кіші Алматы” көлінде өтті. РЖҚЖ қызметкерлері “Montessori Academy” оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді. Құтқару сүңгуір жабдықтарын көрсетті, судағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін  пысықтады.

Мереке күні РЖҚЖ базасында жасақ жетекшісі Владимир Константинович Цой қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, іс-шара құтқарушылар күніне орай марапаттаумен аяқталды.

 

РЖҚЖ баспасөз қызметі

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кәсіби мерекелерін атап өтуде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кәсіби мерекелерін атап өтуде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кәсіби мерекелерін атап өтуде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кәсіби мерекелерін атап өтуде

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code