Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына көмек көрсету үшін

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына көмек көрсету үшін

Түркістан облысына жол тартты
9 маусым күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің өкіміне сәйкес, Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен студенттерді іздеуге, Республикалық жедел-құтқару жасағының он адамнан және бір кинологиялық есептен тұратын құрамы Түркістан облысына жол тартты.
10 маусым күні РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жетті. Өгем өзенінің бойындағы Жетімкөр шатқалын және Өгем мен Айғыржыққан өзендерінің қосылған жерін зерттеу үшін 2 топқа бөліну туралы шешім қабылданды.
Іздеу-құтқару жұмыстарын өзеннің күшті ағысы және таулы рельефтер күрделендіре түсуде.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code