Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда, спасли трех пострадавших на акватории реки Или

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле өзенінің акваториясында зардап шеккен үш адамды құтқарды

7 мамыр күні Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне, Іле өзені бойымен қолдан жасалған салмен (плот) үш адам жүзіп бара жатып, қамысты аралдардың бірінде тұрып қалғандығы жайлы ақпарат келіп түсті.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле өзенінің акваториясында зардап шеккен үш адамды құтқарды
Төтенше жағдай орнаған жерге РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы бірден жолға шықты. Ақтоған кентіне жеткен жедел топ, өзеннің негізгі арнасынан 3 шақырым жердегі акваториядан бастап, моторлы қайықпен ағысқа қарсы жоғары қарай іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле өзенінің акваториясында зардап шеккен үш адамды құтқарды
8 мамыр сағат 15:08-де РЖҚЖ – ның жедел тобы зардап шеккендерді Еңбекшіказақ ауданы, Ақтоған ауылы, Іле өзенінің бойынан тапты.
Белгілі болғандай, зардап шегушілер Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Туристер өздері жинаған салмен, Жаркент қаласының маңындағы Іле өзені арқылы өтетін үлкен көпір аймағынан сапарларын бастаған екен. Сапарларының екінші күні зардап шегушілер ескекпен есуді жете білмегендіктен, есектерін сындырып алған. Алайда ауа-райы қолайлы болғандықтан, есектерді сымтемірмен бекітіп, арна бойымен түсуді жалғастырады. Сапардың үшінші және төртінші күндері ауа – райы қолайлы болады. Күтпеген жерден келесі күні ауа-райы күрт өзгеріп, ыңғайлас ілеспе жел қарама-қарсы соғып, екпінделе түседі. Салдарынан туристер салы екі күн қамысты жағаға тұрып қалады. Абырой болғанда туристер туыстарына хабар беріп ұлгереді, хабарды алған туыстары бірден РЖҚЖ-на апат туралы сигнал берген. Таңғы сағат 4-те саяхатшылар қамысты жағалаудың бұғауынан босап шығып, өкінішке орай өзеннің өзге шығанағына тап болған.
Туристтердің салын оқиға орнында қалдыруға тура келді, РЖҚЖ құтқарушылары жедел автокөлікпен зардап шеккендерді аман-есен Алматы қаласына жеткізді.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ»ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code