Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда пришли на помощь туристам в горах Заилийского Алатау

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатау тауындағы туристерге көмекке келді

11 шілдеде Алматы қаласы ТЖД-нің жедел кезекшісінен Республикалық жедел-құтқару жасағына тас селінің жүруі салддарынан үш туристің Титова өзенінен кері кайтар жолындағы жолының жаблығаны жайлы ақпарат келіп түсті.
РЖҚЖ жедел тобы уақиға орнына бет алды. Жолда құтқарушылар жастармен хабарласа алды, олар альпілік шалғындар аймағында екенін хабарлады. Сол сәтте тауда қатты бұршақ аралас жаңбыр жауып бастаған.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатау тауындағы туристерге көмекке келді
Горельник шатқалына жаткенсоң, РЖҚЖ қызметкерлері жаяу туристерге қарай бет алды. Жарық болғандықтан жедел топ жастарға тез арада жетіп алды, олар ақырындап құтқарушыларға қарай түсіп келе жатқан екен. Барлығы қатты шаршаған, бірақ медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Айқын болғандай Титова өзенінен түсіп келе жатқанда екі ұл баладан және екі қызбаладан тұратын топ сусымалы жерлермен жүрген, қыздардың біреуі алдыға шығып кеткен. Тас селі жүріп өткенде, турист қыз артта қалып қойған өзінің жолдастарына алаңдап, құтқарушыларды шақыртқан. Бірақ қуанышқа орай оларда бәрі жақсы болды, қайтадан бірігіп олар ары қарай жолға шықты.
РЖҚЖ құтқарушылары туристерді жедел автокқөлікке дейін шығарып салып, қаланың қауіпсіз жеріне дейін жеткізіп тастады.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code