Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда провели занятие с инструкторами аквапарка «Гавайи»

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары “Гавайи” аквапарк нұсқаушыларымен сабақ өткізді

Суға шомылу маусымы басталысымен судағы оқиғалардың қаупі артады. Хауыздармен аквапарктер судың жанында демалғысы келетіндер үшін ең қол жетімді орын.
8 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары “Гавайи” аквапарк қызметкерлерімен, теориялық және практикалық бөлімнен тұратын сабақ өткізді.
Ең алдымен нұсқаушыларға зардап шегушіні судан дұрыс және қауіпсіз шығару, суға бату ерекшеліктерін ескере отырып, жүрек-өкпе реанимациясын қалай жүргізу керектігі туралы айтылып және көрсетілді.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Гавайи" аквапарк нұсқаушыларымен сабақ өткізді
Практикалық бөлімде хауызда зардап шегушіні құтқару және тасымалдау, батып бара жатқан адамды дұрыс ұстау әдістері пысықталды. РЖҚЖ -ның құтқарушы-дәрігерінің басшылығымен, әрбір нұсқаушы арнайы тренажерде жүрек-өкпе реанимациясы әдісін жасап жаттықты.
Сабақ барысында аквапарк нұсқаушылары көптеген сұрақтар қойып, сұрақтардың барлығына толық жауап берілді.
РЖҚЖ құтқарушылары хауыз – бұл аса сақтықты талап ететін орын, жарақаттар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барлық келушілер қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс екенін ескертеді: арнайы тәпішкесіз дымқыл жолдармен жүруге болмайды, ернеулерден суға секіруге болмайды, көмек туралы сигналдарды модельдеуге болмайды, ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдыруға болмайды!
“ҚР ТЖМ РЖҚЖ ММ” баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code