Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли туристам заблудившемся в тумане в Алматинских горах

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауларындағы тұманда адасып кеткен туристерге көмектесті

24 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағына, тауда екі жас жігіттің адасып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Ақпарат бойынша, олар “Медеу” мұз айдынының маңында болған, тауларда қатты жаңбыр жауған.
РЖҚЖ жедел тобы дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Жолда құтқарушылар адасқандарға қоңырау шалып, жігіттердің геолокациясы белгілі болды.
РЖҚЖ қызметкерлері туристерге қарай жаяу жүріп, жол бойы жастармен хабарласып олардың орналасқан жерін нақтылап отырды. Алынған ақпаратқа сүйене отырып, жедел топ Фурманов шыңына қарай бет алды (биіктігі теңіз деңгейінен 3053 метр). Іздестіру-құтқару операциясы қатты бұлттылық пен тұманмен күрделене түсті, көріну өте нашар, жаңбыр жауып, ылғал шөп өте сырғанақ болды,.
Құтқарушылар шыңға жақындағанда шамның жарығын көрді, визуалды байланыс орнатылды. Туристер Фурманов шыңы маңындағы бақылау палубасынан табылды, олар қатты шаршап және мұздап қалған, ешкімге медициналық көмек қажет болмады. РЖҚЖ қызметкерлері жедел көлікке дейін адасқандарды сүйемелдеуге кірісті. Жолда адасқандармен таудағы қауіпсіз мінез-құлық туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Туристер қаладағы қауіпсіз жерге жеткізілді.
“ҚР ТЖМ РЖҚЖ”ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code