Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли парню с острой болью в Алматинских горах

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауларында қатты ауырған жігітке көмектесті

27 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, Горельник шатқалының төменгі оң жақ бүйір аймағына көтерілген жас жігіттің қатты ауырып тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Жеке құрамы 7 адамды құрайтын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде бір кинологиялық есеп іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Жігітпен хабарласып, құтқарушылар геолокациялық мәліметтерді алды, мәліметтерге сүйене отырып, турист Титов көлінің төменгі жағында екені анықталды.
Жігіт пен екі қыз Титов көліне саяхатқа аттанғаны белгілі болды, алайда олар бағыт соңына жете алмады. Жас жігіттің асқазанында қатты ауырсыну басталып, ол өздігінен қозғала алмай, жастар құтқарушылардың көмегіне жүгіну туралы шешім қабылдайды.
Туристің денсаулығының қауіпті белгілеріне байланысты, қосымша күш ретінде, жақын таулы өзендерде профилактикалық патруль жүргізіп жүрген, жеке құрамы 3 адамнан тұратын РЖҚЖ-ның және бір жедел тобы оқиға орнына жіберілді.
Жедел топтың аға қызметкері уақыт сайын жастармен хабарласып, жігіттің жағдайын бақылады. Жастардың айтуынша, жандарынан өткен бір топ туристер оған ауырсынуды басатын дәрі беріп, кейін ол өзін әлдеқайда жақсы сезініп, тіпті өздігінен жүре алды. Құтқарушылар оларға жедел топқа қарай төменге аса қырағылықпен түсуді ұсынды.
Кездескен кезде жас жігітті дереу құтқарушы-дәрігер қарап шықты, жағдайы қанағаттанарлық болды. Барлық қажетті көмек көрсетіліп, жастар Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне аман-есен жеткізілді.
РЖҚЖ құтқарушылары егер сіз тауға шықсаңыз, өзіңізбен бірге өзіңізге лайықты дәрі-дәрмек қорын алып жүруіңіз қажет екенін ескертеді. Егер сіз қауіпті жағдайға тап болсаңыз, дереу көмек сұраңыз!
“ҚР ТЖМ РЖҚЖ”ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code