Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли двум девушкам заблудившимся в горах Алматинской области

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысының тауларында адасып қалған екі қызға көмектесті

2021 жылғы 19 маусым күні, Республикалық жедел-құтқару жасағына , адасып кеткен қыздар туралы ақпарат келіп түсті. Зардап шеккендердің айтуынша, құрбылар таныс бағыт бойынша Букреев шыңына аттанған, ал Бутаковка шатқалы арқылы түсуді жоспарлаған екен. Кері жолда туристер әңгіме – дүкен құрып жолдан қалай адасқанын байқамай қалған. Тәуекелге бармауға бел буған қыздар, бірден РЖҚЖ құтқарушыларының көмегіне жүгінген.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысының тауларында адасып қалған екі қызға көмектесті
Құрамында кинологиялық есебі бар РЖҚЖ жедел тобы, іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Құтқарушылар геолокациялық мәліметтерге сүйене отырып, Алматы облысы, Талғар ауданының тауларындағы туристердің нақты орналасқан жерін анықтай алды.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысының тауларында адасып қалған екі қызға көмектесті
Құтқару бөлімшесінің командирі, зардап шеккендерге Пионер шыңы жағынан жақындауға шешім қабылдады. Жотаның бойымен қозғалу кезінде қыздармен көзбе – көз байланыс орнатылды, олар теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте болды. РЖҚЖ құтқарушылары соқпақпен зардап шегушілерге жақындады, адасқан қыздарға бірінші болып іздеу иті Габриэль жетті. Жаңбыр басталып, туристердің үстіндегі киімдері дымқыл болып қалғанына қарамастан, жалпы жағдайлары қанағаттандырарлық.
РЖҚЖ қызметкерлері оларға ыстық шай, жылы киім берді. Кері жол, ауа-райы жағдайына және күннің қараңғы уақытына байланысты қиындай түсті. Жаңбыр жауып, шөптер өте тайғақ болғандықтан, альпинистік жабдықты қолдана отырып, аса қырағылықпен алға жылжу керек болды.
Зардап шеккен қыздарды жедел көлікке дейін аман-есен жеткізіліп, әрі қарай қаладағы қауіпсіз жерге дейін жеткізілді.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code