Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли супругам в горах г. Алматы

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларындағы ерлі-зайыптыларға көмектесті

30 мамыр күні Республикалық жедел-құтқару жасағына, қараңғыда “Лесная сказка” демалыс орталығынан жоғары аймақта, ерлі-зайыптылар соқпақтан адасып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы, оның ішінде кинологиялық есеп оқиға орнына шықты. РЖҚЖ қызметкерлеріне зардап шеккендердің геолокациялық деректері ұсынылды.
Қолда бар ақпаратты басшылыққа ала отырып, РЖҚЖ құтқарушылары демалыс аймағының құтқарушыларымен бірге күйеуі мен әйелін жылдам тапты. Құтқарушылар туристерді автотұраққа дейін шығарып салып, туыстарына тапсырды.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code