Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда помогли мужчине с травмой руки в горах города Алматы

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында қол жарақатын алған ер адамды құтқарды

16 мамыр күні Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, Кимасар шатқалында қол жарақатын алған ер адам туралы ақпарат келіп түсті. Қатты ауырсынудың салдарынан жәбірленуші өздігінен таудан түсе алмаған.
РЖҚЖ жедел тобы оқиға орнына бірден жол тартты.
РЖҚЖ құтқарушылары жас жігітті тапқанда, жанында куәгер болған. Куәгер зардап шегушіге жедел топтың келе жатқан бағытына қарай түсуіне көмектескен.
Республикалық жедел-құтқару жасағы бей-жай қарамай, қиын жағдайға тап болған туристке көмектескен азаматқа алғыс білдіреді.
РЖҚЖ қызметкерлері зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, әрбір қозғалыс қатты ауырсыну тудырғандықтан, зардап шегушіні зембілмен тасымалдады. Ауырсынуды басатын препарат әсер еткенсоң, зардап шегуші РЖҚЖ құтқарушыларының көмегімен өзі жүрді.
Жедел көлікке жетіп, РЖҚЖ құтқарушылары ер адамды Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, тауларда қырағылықты жоғалтпау керек. Егер сіз күрделі емес бағыт таңдасаңыз да, жақындарыңызды жүретін бағытыңыз және болжамды қайтар уақытыңыз туралы ескертіңіз. Треккингтік бәтеңке киіп, қосымша жылы киім алып, қажет болған жағдайда көмек сұрау үшін, міндетті түрде телефоныңызға қосымша қуат көзін ұмытпаңыз!

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code