Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

2020 жылғы 27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы, Медеу ауданында,   Мынжилки  үстіртіндегі метеостанция ауданында (теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте) 2003 жылы туған қыздың аяғын жарақаттағаны және оған көмек қажет екендігі туралы ақпарат келіп түсті.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушіге жедел көлікпен жетті. Қыздың құлап, тізесін кесіліп кеткені белгілі болды.

Оқиға орнында РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды АМО қызметкерлеріне тапсырды.

 

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ “ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code