Спасатели Республиканского оперативно-спасательного отряда провели две спасательные операции в горах г. Алматы

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында екі құтқару операциясын өткізді

23 мамыр күні РЖҚЖ кезекші бөліміне, Кимасар шатқалында әйел адам аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмайтындығы жайлы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушімен хабарласып, РЖҚЖ құтқарушылары туристің шамамен орналасқан жерін анықтай алды.
Оқиға орнына РЖҚЖ жедел-құтқару тобы бірден жол тартты. Зардап шеккен адам теңіз деңгейінен 2200 метр биіктіктегі шатқалдан табылды. РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, зембілге салып, төмендегі Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында екі құтқару операциясын өткізді
РЖҚЖ жедел тобы жасақтың орналасу орнына оралды.
Жасақтың қарқынды күні мұнымен аяқталмады, РЖҚЖ кезекші бөліміне, Три брата жартасынан түсу кезінде жоғалып кеткен екі жас жігіт туралы ақпарат келіп түсті. Туристер уақытты тиімді есептемей, қараңғыда соқпақтан адасып кеткен екен.
РЖҚЖ жедел тобы және бір кинологиялық есеп ТЖ орнына шықты.
Зардап шеккендерді теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте, жасақтың із кескіш иті тапты. Жігіттер өте жеңіл киінген, қорқып қалған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар достарымен бірге Көк Жайлау шатқалына дейін жеткен. Әрі қарай кеш болғанына қарамастан, туристер топтан бөлініп, Три брата жартасына шығуға бел буған.
Топтан бөлініп, бар заттарын достарына беріп кеткен туристерге, РЖҚЖ құтқарушылары жылы киімдерін беріп, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Зардап шегушілер АМО қызметкерлеріне тапсырылды.
Таудағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін ұмытпаңыз! Топтан бөлінбеңіз, өзіңізбен қосалқы жылы киім мен қолайлы аяқ киім алыңыз. Өз күшіңізді есептеңіз және тауларда жылдам қараңғы түсетінін ұмытпаңыз!

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code