Республиканский оперативно-спасательный отряд нашел трех парней заблудившихся в горах Заилийского Алатау

Республикалық жедел-құтқару жасағы Іле Алатауы тауларында адасып қалған үш жігітті тапты

24 шілдеде шамамен таңғы сағат екіде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Талғар ауданының Қотырбұлақ шатқалындағы Алматау Хаус демалыс аймағы ауданында үш жігіттің адасып қалғаны туралы хабарлама түсті.
6 құтқарушы мен кинологиялық есеп оқиға орнына шықты.
Жігіттер құтқарушыларға өздерінің геолокациясын жіберді. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, құтқарушылар тез бағдар алып, туристерге қарай бет алды. Адасқандар тез табылды, жігіттер демалыс орталығынан алыс емес еді. Олар соқпақ жолмен келе жатып, қараңғы түскен соң адасып қалған екен. Алдымен жастар қала шамдарына қарап бағдар алып, жолды іздеуге тырысқан, бірақ таба алмаған. Туристер құтқарушылардың кәсіби көмегіне жүгіну туралы шешім қабылдады.Республикалық жедел-құтқару жасағы Іле Алатауы тауларында адасып қалған үш жігітті тапты
Адасқан адамдардың жағдайы жақсы және медициналық көмекке мұқтаж емес. Бұған қарамастан, құтқарушылар олардың біреуін арқалап түсіруге мәжбүр болды. Жас жігіттің аяқ киімі тауда жүруге арналмаған болатын, табаны жылтыр, әрі шөп дымқыл болғандықтан, жоғарыдан түсу қауіпті болды.
Таңертеңгі бес жарымда жедел топ туристерді туыстарына тапсырды.
Республикалық жедел-құтқару жасағы еске ескертеді! Таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыздар! Ыңғайлы спорттық киім мен қолайлы аяқ киім – трекинг аяқ киімін киіңіздер. Өз күштеріңізді және уақыттарыңызды есептеңіздер. Сақ болыңыздар.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару
жасағының баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code