Қостанай обласының ТЖД бастығының карабалық ауданындағы жұмыс сапары

Қостанай обласының ТЖД бастығының карабалық ауданындағы жұмыс сапары29 наурызда Қостанай облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімов Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты – су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын тексеру, ауданның көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығы.
Облыстық ТЖ басшысы Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары А. Аужановпен бірге ауданның су тасқыны қауіпті аймақтарын тексерді.
Тексеру барысында олар Шадықсай, Михайловка және Приречное ауылдарында болды. Егер көрші Троицк МАЭС судың ағып кету деңгейі көтерілсе, су тасқыны жағдайы нашарласа, бұл елді мекендер су тасқынына ұшырауы мүмкін.
Т. Кәкімов Тоғызақ өзеніндегі су деңгейінің мониторингіне арналған Михайловка ауылының маңында орналасқан гидробекетті аралап көрді. Бүгінгі күні өзендегі су деңгейі мардымсыз, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Қостанай обласының ТЖД бастығының карабалық ауданындағы жұмыс сапарыОсы күні Челябі облысы Варнен ауданының Катенин гидроторабының бастығымен су торабының толықтырылу жағдайы, сондай-ақ Қостанай облысымен шекаралас Ресей Федерациясының аумағында су тасқыны кезеңінің өтуі бойынша ақпарат алмасу өтті. Аудан аумағына барар жолда Т. Кәкімов су құбырларының жағдайымен, Үй және Тоғызақ өзендеріндегі жағдаймен танысты.

Белгіленген бағдарламаға сәйкес ол Қарабалық к. № 11 өрт сөндіру бөлімінде болды, су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексерді.

Қостанай облысы ТЖД
Қарабалық ауданының ТЖ бөлімі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code