Демалыс кезінде қауіпсіздікті естен шығармаңыз:  Республикалық жедел-құтқару жасағы су айдындарында рейдтер жүргізуде

Қалыптасқан жылы ауа райына байланысты көптеген адамдар су айдындары мен өзендерде уақыт өткізуге тырысады. Ыстық ауа райында судың жанында демалған  жақсы, бірақ оны дұрыс жасау керек.  Дәл осы ақпаратты Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы өзендер мен көлдердің маңында демалушыларға күн сайын ескертеді. Алдын алу рейдтерінің шеңберінде, мамандар суда қандай тәртіп ережелерін білу және сақтау керектігін айтады. Адамдарға түсінікті болу үшін және берілген ақпарат ұзақ уақыт есте сақталу үшін, әрқайсысына толық түсіндірілетін  жаднама беріледі.

Демалыс кезінде қауіпсіздікті естен шығармаңыз:  Республикалық жедел-құтқару жасағы су айдындарында рейдтер жүргізуде

Жазатайым оқиғалардың ең жиі себептері:

– мас күйде шомылу;

– су айдынының тереңдігін және түбінің жағдайын алдын ала тексерусіз баспен төмен сүңгу;

– тыйым салынған жерлерде шомылу.

Бірақ ең қорқынышты, суда балалар қаза болады. Мұндай қайғылы оқиғалардың басты себебі-ересектер тарапынан бақылаудың болмауы. Тек өткен демалыс күндері ғана РЖҚЖ құтқарушылары әртүрлі су айдындарынан үш бала денесін алып шықты.

Демалыс кезінде қауіпсіздікті естен шығармаңыз:  Республикалық жедел-құтқару жасағы су айдындарында рейдтер жүргізуде

Құрметті азаматтар! Жаз мезгілінде өзендерге, су қоймаларына бару үшін, сіздің және балаңыздың есінде тек жақсы естеліктер қалдыруы үшін,  қауіпсіздік шараларын, судағы жүріс-тұрыс ережелерін есте сақтаңыз.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыз!  Балаға мұқият болыңыз, оларды су айдынындағы жүріс-тұрыс ережелеріне үйретіңіз, өзенде, көлде, тоғанда жалғыз қалдырмаңыздар!

ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ” ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code