Всю ночь длилась спасательная операция Республиканского оперативно-спасательного отряда в горах г. Алматы

Алматы қаласының тауларындағы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару операциясы түні бойы жалғасты

5 мамыр күні сағат 23:11-де Республикалық жедел-құтқару жасағына Аю-Сай тауының шатқалындағы ( Алматы қаласы Бостандық ауданы), сарқырамалар аймағында ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.Алматы қаласының тауларындағы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару операциясы түні бойы жалғасты
Іздестіру-құтқару жұмыстарына РЖҚЖ жедел тобы жолға шықты. Аю-Сай шатқалына жоғары қарай бағытталған РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушіні тауып алды. Ол сарқырамалардың бірінің үстіндегі қырқадан тұрған. РЖҚЖ жедел тобы жас азаматқа әртүрлі бағыттардан жақындауға тырысқан. Аалайда ер азаматқа жақындау мүмкін болмады. Себебі өзендерде су көтерілгендіктен, әр өткелде арнайы жабдықты қолдануға тура келді. Оның үстіне тайғақ тастар, тік жерлер, тәуліктің қараңғы уақыты қосымша қиындықтар туғызды.
Топ жетекшісі жедел автокөлікпен космостанцияға (теңіз деңгейінен 3200 жоғары) жоғары көтеріліп, зардап шегушінің бағыты бойынша төмен түсуге шешім қабылдаған. Мұндай жағдайда алға жылжу өте қауіпті болып табылады. Жерге жарық түсе бастаған кезде, РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушіні көзбен көріп, байланыс орнатылды. Құтқару операциясы барысында зардап шеккен адаммен ұялы телефон арқылы және РЖҚЖ кезекші бөлімі арқылы байланыс орнатылды.
Ер адамға жақындағаннан кейін, ең қауіпсіз орынды таңдап, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен құтқарушылар зардап шегушіге төменге түсуге көмектесті.
Турист қатты қорқып қалғанымен жалпы жағдайы жақсы. РЖҚЖ құтқарушылары жас жігітті қаладағы автобус аялдамасына дейін жеткізіп салды. 6 мамыр сағат 13.00-де РЖҚЖ жедел тобы жасақтың орналасу орнына қайтып келді.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code