В Аксайском ущелье города Алматы пострадал отдыхающий в результате падения в реку

Алматы қаласының Ақсай шатқалында демалушы өзенге құлап жарақат алды

12 тамыз күні, су айдындарында демалушылардың қаза болуына жол бермеу мақсатында жүргізілетін күнделікті кезекті рейдтік патрульдеу кезінде, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке мұқтаж демалушылар тобын кездестірген.

Демалушылардың бірі жар шетінде ұйықтап қалған. Абайсызда ауынамақ болған сәтте, Ақсай өзеніне, яғни тасты бетіне қарай домалап құлап кетеді. Осының салдарынан демалушы ашық бас жарақатын алған.Алматы қаласының Ақсай шатқалында демалушы өзенге құлап   жарақат алды

Туристер РЖҚЖ құтқарушыларын көмек сұраған. Зардап шегушіні дереу құтқарушы-дәрігер қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Ер адамның жағдайы орташа ауыр болған. Шұғыл түрде демалушы РЖҚЖ жедел көлігімен Алматыдағв 7 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, шомылу маусымы басталғаннан бері Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күн сайын су айдындарында және тау өзендерінің бойында рейдтік патрульдеуді жүзеге асыруда. Демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бар ақпараттық жаднамалар таратылады. Сақ болыңыз!

 

“ҚР ТЖМ РЖҚЖ”ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code