Двое детей и двое взрослых упали в выгребную яму уличного туалета в городе Алматы

Алматы қаласындағы көше дәретханасының шұңқырына екі бала мен екі ересек адам құлап кетті

30 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағына Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Абай ауылындағы көше дәретханасының қазылған шұңқырына екі баланың құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына жеке құрамы 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты.
Анықталғанда, шұңқырға бірінші болып 2020 жылы туған қыз құлап кеткендігі белгілі болды. 2009 жылы туған үлкен ағасы, көмектесуге ниет білдіріп, әпкесін өз бетінше тартып алуға тырысқан. Болып жатқан оқиғаны көріп, балалардың әжесі мен әкесі оларды құтқаруға тырысады. Өкінішке орай тек әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.
РЖҚЖ құтқарушылары балаларды және әжелерін шығарды, алайда аман алып қалу мүмкін болмады.
Республикалық жедел-құтқару жасағы ескертеді, жас балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, мұқият және сақ болыңыз!

“ҚР ТЖМ РЖҚЖ”ММ баспасөз қызметі

Поделиться ссылкой:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code